Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

"Атамекен" ҰКП Басқармасының 5 сәуірдегі шешімімен Пірмұхаммед Айтбайұлы Сыздықов Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды.

Пірмұхаммед Сыздықов 1975 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінен «Еңбек және бизнес негіздері» (1996 ж.), «Заңгер» (2009 ж.) мамандықтарын алған.

Еңбек жолын алғаш 1992 жылы "слесарь" болып бастаған.1996-2007 жылдар аралығында Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде оқытушы, Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында менеджер-информатор, Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері, қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2007 - 2019жылдар аралығында Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округінің әкімі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақты дамыту бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақты дамыту бөлімі басшысының орынбасары, Қызылорда облысы ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде абыройлы еңбек етті.

Ол 2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары болды.

Отбасылы, 4 баласы бар.
2010 жылы облыстық "Жылдың үздік әкімі" номинациясының иегері атанды. 2016 жылы «Еңбек даңқы» салалық кәсіподақ ұйымының 1 санатты төсбелгісімен және түрлі деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды.
06 сәуір 2022 ж. 1 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам