Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Атамекен" ҰКП Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

"Атамекен" ҰКП Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады


"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасы Тимур Құлыбаевтың төралқа төрағасы қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.
Басқарма тарапынан Құлыбаевқа бірнеше жыл бірге атқарған жұмысы үшін алғыс айтылды. 
"Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды әрі палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты", - делінген мәлімдемеде.

Ұлттық палатаның басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылды.
"Төралқа төрағасын съезд сайлайды, төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төрағаның міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын анықтайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың бұрыннан талқылап келе жатқан мәселесі - төралқаның салалық комитет мүшелерін сала кәсіпкерлері сайлайтыны айтылды.
"2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғары органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ, басқарма құрамына қатысты шешім шығарады", - деді палата өкілі.
17 қаңтар 2022 ж. 7 465 0