Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда кеспе шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістанда кеспе шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 10 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24» Өткен жылы жергілікті кәсіпкерлер 69 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Жақында аудандағы индустриалды аймақта тәулігіне 80 мың дана жылдам дайындалатын кеспе шығаратын зауыт іске қосылды. Майлыошақ ауылы – Қазығұрт ауданының экономикалық орталығы саналады. Себебі аудандағы индустриалды аймақ осында орналасқан. Мұнда жақында жедел дайындалатын кеспе шығаратын зауыт ашылды. Кәсіпорын Непал инвесторларының қаржысы есебінен салынды. Жобаның құны 3 млн доллар. Кишор Лодха, кәсіпорынның бас директоры: – Біз бұл кәсіпорынды дамыту үшін 2025 жылға дейін 20 млн доллар инвестиция құямыз. Бұл 5 млрд теңге көлемінде болады. Менің ойымша, бұл шығын 6-7 жылда өзін толық ақтайды. Зауыт толықтай автоматты жүйеге көшкен. Жедел дайындалатын кеспенің қамырын илеуден бастап, созу, кесу, кептіру және орауға дейінгі жұмыстың барлығын жаңа технология атқарады. Дайын өнімді санап, қораптарға салып, жинау ғана қол еңбегімен атқарылады. Кәсіпорында 85 адам жұмыс істейді. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Әтіркүл Тәшімова – Майлыошақ ауылының тұрғыны. Көп балалы ана бұған дейін жұмысcыз болған. Әтіркүл Тәшімова, Майлыошақ ауылының тұрғыны: – Жұмысымыз өзімізге ұнайды. Айлығымызды уақытымен аламыз. Жұмыс қиын емес, қораптарға салып отырамыз. Үйде бала бағып отырған едім, жақын жерден жақсы болды. Осы ауылдың тұрғындарының бәріне жұмыс табылды. Бақытжан Сақаев, технолог: – Біз қазір 8 сағаттың ішінде 80 мың дана кеспе шығарып жатырмыз. Келешекте жылдамдығын көбейтсе болады. Екі есе көбейтіп, 150-160 мың данаға дейін жеткізуге болады. 3 технолог Үндістаннан келген, солар бізге қазір барлығын үйретіп, көрсетіп жатыр. Кәсіпорынға қажетті шикізаттың 70 пайызы отандық өнім. Олар ұн, май, дәрумен, фольга, контейнерлер. Қалған дәмдеуіштердің 30%-ы Үндістан, Малайзия, Вьетнам және Бразилиядан әкелінеді. Мұнда кеспенің 7 түрі дайындалады. Өнімнің негізгі бөлігі Ресейге жөнелтіледі. Сондай-ақ индустриалды аймақта жақында тағы бір кәсіпорын іске қосылмақ. Аян Көшкінбай, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: – Осы индустриалды аймақта қосымша жаңа өндіріс орны ашылайтын деп отыр. Ол жерде сүт өнімдері және құрғақ май шығару өндірісі болады. Аудандағы барлық шаруалардың сүтін жинап, осы кәсіпорынға өткізу жоспарымызда бар. Қазір шаруалармен келісім жүргізілуде. Қазір Қазығұрт индустриалды аймағында құны 7,3 млрд теңге болатын 5 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың көбі жергілікті тұрғындар.



12 ақпан 2020 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930