Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

Биыл қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем төлеу жүйесі енгізіледі. Белгілі жұмысы жоқ, күнкөрісіне қажетті қаржысын өзі табатын азаматтар басы ауырып, балтыры сыздағанда, қарттығы келгендегі зейнетақысын ойлағанда, өмірде ауыр жағдайларға жолығып қалғанда немесе жас отбасылар сәбилі болғанда, әйелдер баламен үйде отырып қалғанда не істемек керек? Әрине, осындай жағдайларда құқы сақталуы үшін мемлекеттің ғана емес, әркімнің өз тарапынан да іс-қимыл әрекеті болуы тиіс. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін елімізде халықтың формальды емес жұмыспен қамтылған бөлігіне құқықтық мүмкіндік беруге бағытталған механизм жасалды. Мұны «Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) механизмі» деп атайды.
«Өзін өзі жұмыспен қамту» дегеннің не екенін жұрт біледі. Еш жерден белгілі жалақы алмай, сауда жасаса да, ауылда қолдағы бір-екі сиырының сүтін, адамдардың сұранысына орай киім тоқып, бәліш пісіріп сатса да, жеңіл көлігімен жолаушы тасыса да ешкімге алақан жаймай, күнін көріп отырған жандар баршылық. Бірақ олар ешқандай салық төлемейді. Бірыңғай жиынтық төлем – салықтың төрт түрін, яғни жеке табыс салығын төлеуге, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері қандай?
Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы 2525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін айлық есептік көрсеткіштің жартысын (2019 жылы 1 262,5 теңге) құрайды.
Бірыңғай жиынтық төлем төрт міндетті төлемнің басын бір төлемге біріктіреді;
10% – жеке табыс салығы;
20% – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
30% – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;
40% – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері нақты белгіленген. Яғни жеке тұлға өз бетінше әлеуметтік қорларға жарналар мен төлемдерді есептеп аудармайды.

Бірыңғай жиынтық төлем не береді?
Бұл төлемді жасау тек өз кәсібін жеңілдетілген түрде тіркеуді ғана емес, сондай-ақ мына мүмкіндіктерді береді:
1)Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер медициналық мекемені таңдай отырып, міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады;
2)міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыса отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер ала алады (еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, жаңа туған нәрестені асырап алу және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша);
3)зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатын болады.
Бірыңғай жиынтық төлем аясында неғұрлым көбірек төлем жасаса, соншалықты оның зейнетақы төлемдерінің көлемі де көп болады.

Бірыңғай жиынтық төлем қалай төленеді?
Бірыңғай жиынтық төлем банктер мен жекелеген банктік операциялар жасайтын ұйымдар арқылы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік есеп-шотына аударылады. Бірыңғай жиынтық төлемді адам өзі төлей алады немесе үшінші жақ оның пайдасына жылдық күнтізбенің айын көрсете отырып төлеуге құқылы. Бірыңғай жиынтық төлем жасау үшін тұлға жеке куәлігін ұсынуы керек.
Сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлемді жылдың ағымдағы және келесі айлары үшін төлеуге болады.
Мемлекеттік корпорация 3 күн ішінде келіп түскен соманы тиісті әлеуметтік төлемдерге (МӘСҚ, БЖЗҚ, ӘМСҚ) және төлем жасаушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке салық түрінде аударады.
Бірыңғай жиынтық төлемді онлайн арқылы төлеу Қазпошта сайты және терминалдары, сондай-ақ Каспий банктің ­kaspi.­kz мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Н.ӘМІР,
«Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері,
З.Бегайдарқызы,
аудандық жұмыспен қамту ,
әлеуметтік бағдарламалар және
АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі
05 қараша 2019 ж. 2 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930