Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сарыарқа» газ құбырының алғашқы шақырымы салынды

«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы шақырымы салынды


ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

 «Сарыарқа» газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан бағыты бойынша салынады. Бұл - құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады. Өткен жылы тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны - 267,3 млрд теңге. Қараша айында «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен мердігер компания - «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының, шамамен, 1300 метрі салынды», - деді М.Мырзағалиев ҚР Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде».
 Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Қарағанды мен Ақмола облысында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында газ құбырына қосылып, шикізатты xалыққа тарату бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жалпы, алдағы үш жылда аймақтарда газ инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, 2030 жылға дейін республикалық бюджеттен тағы шамамен 157 млрд теңге бөлінеді.
«Осы ақша Нұр-Сұлтан қаласын, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау мен Ақмола облыстарын газдандыруға жұмсалады», - деп атап көрсетті М.Мырзағалиев.  


05 маусым 2019 ж. 909 0