Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті

Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті



Бизнесменнің қызы әкесінің бұл идеясына қарсылық білдірмеген АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Таиландтық миллионер қызы мен болашақ күйеу баласына бар байлығын мұра етуге уәде берді, деп жазады Khaosod English.

Аса ірі кәсіпкерлердің бірі Арнон Родтхонг бизнесін кенже қызы Карнситаға бергісі келеді, бірақ әуелі оның тұрмысқа шыққанын қалайды. Миллионер қызына күйеу жігіт іздеп жатқаны туралы әлеуметтік желіде хабарлаған.
Карнситаның өмірлік серігі үлгілі, еңбекқор, есірткі шекпейтін, құмар ойынына жоламайтын азамат болуы тиіс. Родтхонг болашақ күйеу баласына әуелі 10 миллион бат (105 миллион теңгеден астам) сыйақы төлемек. Кейін миллиондаған долларлық бизнесін жас жұбайларға мұра етеді.
Бір күн ішінде бизнесменге жүздеген өтініш келіп түскен. Жеңімпаз 1 сәуірде өтетін жарыс кезінде анықталады. Күйеу жігіттердің қандай сайысқа түсетіні әлі белгісіз.
Карнситаның айтуынша, әкесінің бұл идеясына еш қарсылығы жоқ екен. "Мен талғампаз емеспін, - дейді ол. – Сауық кештеріне барып, бірге селфиге түсетін жігіт болса болды. Өзім де онша сұлу емеспін, сондықтан түр келбеті маңызды емес".
sputniknews.kz
06 наурыз 2019 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930