Өскен өңір » Әлем » Кіші қызына үйленетін жігіт іздеген белгілі миллионер оған бар байлығын бермек
Кіші қызына үйленетін жігіт іздеген белгілі миллионер оған бар байлығын бермек
Таиландтық миллионер өзінің кіші қызына үйленетін жігітке бар байлығын бермек. Бұл туралы Khaosod English басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Таиландтағы ірі дуриан (жеміс – ред.) плантацияларының бірінің иесі Арнон Родтхонг кәсібін қызы Карнистаға бергісі келетінін айтады. Алайда алдымен оны тұрмысқа бергісі келеді. Ол желіде қызына сай күйеу жігіт іздейтінін мәлімдеді. Карнситаға үйленгісі келетін жігіт жұмыс істейтін, ыждағатты болуы және дурианды өсірудің қыр-сырын білуі керек. Ол есірткі шекпеуі, ақша тігілетін ойындар ойнамауы тиіс. Родтхонг болашақ күйеубаласына 10 миллион бат (119 млн теңгеден аса) төлеуге уәде береді. Сонымен қатар ерлі-зайыпты құны миллиондаған долларға бағаланған дуриан кәсібін иеленеді. The Straits Times мәліметінше, миллионерге бір күн ішінде жүздеген өтініш түскен. Жеңімпаз 1 сәуірде өтетін жарыста анықталады. Болашақ күйеубалалардың қалай жарысатыны әзірге хабарланбады. Карнсита әкесінің идеясына қарсы емес екенін айтады. «Мен талғампаз емеспін. Сауық кештерге бірге барып, селфиге бірге түсетін ер адамды қалаймын. Мен айтарлықтай сұлу емеспін. Сондықтан сырт келбетіне аса мән бермеймін», - дейді миллионердің қызы. Stan.kz