Америкалық сирек кездесетін, құны миллиондаған доллар тұратын монета тауып алды
АҚШ-тан келген нумизматтық сирек кездесетін монетаның иесі болды. Ол монета миллиондаған долларға бағаланған, деп хабарлайды Gizmodo.
Бұл 1854 жылы Сан-Францискода үш жүзден кем емес серияда соғылған бес долларлық монета. Осы уақытқа дейін олардың үш данасы ғана сақталған деседі.Олардың біреуі Вашингтондағы Смитсон институтында, екіншісі жекеменшік жинақта, үшіншісі 1967 жылы АҚШ-тағы ең бай Дюпон жанұясының мүшелерінен ұрланған. Ол сол күйі табылмаған.
Есімін жасырын ұстауды қалаған монетаның иесі, оны, алдымен, жалған деп санаған. Алайда, сирек кездесетін нумизматикалық түпнұсқалылықты тексерумен айналысатын Numismatic Guaranty Corporation компаниясының мамандары оның шынайылығын растады.
Сондай-ақ, олар табылған монетаны ұрлықтан бұрын алынған фотосуреттермен салыстыра отырып, Дюпондардың жинағынан ұрланған монета емес еенін анықтады. Нумизматикалық Numismatic Guaranty Corporation басшысы Ричард Монтгомеридің айтуынша, бұл монетаның құны миллиондаған долларға бағаланады.
https://7kun.kz