Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Токиода робот даяшылар қызмет көрсететін дәмхана ашылды

Токиода робот даяшылар қызмет көрсететін дәмхана ашылды


Токиода ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Пилоттық режимде іске қосылған DAWN ver.ß дәмханасына келушілерге биіктігі бір метрден сәл ғана асатын 5 робот қызмет етіп жүр. Роботтар тапсырыс қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады.Бір қызығы, даяшы роботтарды үйлерінде отырған дәмхана қызметкерлері – мүмкіндігі шектеулі жандар басқарып отыр. Олар дәмханада не болып жатқанын интернет арқылы аудио және видео көмегімен көріп, даяшыларды үйлерінен планшет немесе компьютер арқылы басқарады.
Дәмхана осындай режимде тек биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істейді. Оның тұрақты нұсқасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында іске қосылмақ.
Дәмхана жобасының авторлары осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек жұмыс орнын ұйымдастыруға көмек бере аламыз деп үміттеніп отыр.
16 ақпан 2019 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930