Швецияда шіркеуден ұрланған патша тәжі табылды
Өткен жылы жаз айында Стренгнес қаласындағы шіркеуден ұрланған патша тәждері қоқыстан табылды.
Қымбат бұйымдар шаһардан 120 шақырымдай жерде орналасқан Окерсберг қаласына апарылып тасталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, Швецияны 1604-1611 жылдары билеген Карл Тоғызыншы мен оның әйелі Кристинаға тиесілі алтын тәждер өткен жылы маусым айында қолды болған. Ұрылар оларды шіркеудегі дабылы бар жабық бөлмеден алып кеткен еді. Тергеу барысында қарақшылардың пайдаланған қайығына қатысы бар 1 жігіт ұсталып, қалған күдіктілер таптырмай кеткен еді. Киристер Нильсон, бас тергеуші: - Кеше Окерсберг қаласындағы қоқыс салатын жәшіктен былтыр жазда ұрланған патша бұйымдарын таптық. Оларды күзетші көріп, полицияға хабарлаған. Қазір заттарға түрлі сараптамалар жасалып, тексеріліп жатыр.
www.24.kz