Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адамды маса шаққаннан кейін аяғы екі есе ісіп кетіп, орнынан тұра алмай қалды

Ер адамды маса шаққаннан кейін аяғы екі есе ісіп кетіп, орнынан тұра алмай қалды

Пәкістанда ер адам аяғын маса шаққаннан 5 жыл өткеннен кейін төсектен тұра алмай қалды. Ол піл ауруының (элефантиаза) ауыр түріне шалдыққан. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Синд провинциясында тұратын Шахид Хуссейн 5 жыл бұрны аяғының ісініп, ауырғанын байқапты. Бастапқыда ол бұған мән бермеген. Алайда уақыт өте келе аяғы қатты ісініп, салдарынан дәрігерге жүгінуге мәжбүр болады. Дәрігерлер оның бойынан піл ауруын анықтады. Мұндай дерт кезінде лимфаның дұрыс жүрмеуінің салдарынан адамның денесінің бір бөлігі ісіне бастайды.
Хуссейннің отбасы оның еміне бар ақшасын жұмсаса да, жергілікті дәрігерлер оған көмектесе алмады. Олар ер адамды ел астанасына жіберген. Алайда ол үшін біршама ақша қажет болғандықтан, пәкістандық азаматтың ем алуға баруға мүмкіндігі болмады.
Оның жұбайы Фатима өзінің барлық әшекейін сатып, қызының тойына жинаған бар ақшасын емге жұмсауға мәжбүр болғанын айтады.
Бүгінде Хуссейн жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігінен айырылған. Оның аяғының ісінгені сонша, салмағы 50 келі болады. Олардың әрқайсының үлкендігі – 88 сантиметр. Ал ер адамның отбасы туыстарынан үнемі қарыз алуға мәжбүр. Хуссейн жағдайына байланысты жергілікті биліктен көмек сұраған. Алайда олар жауапсыз қалдырыпты. Піл ауру әдетте Brugia malayi нематодасымен зақымдалғаннан кейін пайда болады. Паразит адам организміне нематодамен зақымдалған масаның шағуы арқылы түседі.
Stan.kz
01 ақпан 2019 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930