Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді
Лондон тұрғыны бірнеше апта ғана өмірі қалғанын білгеннен кейін ауруханада үйленді. Ауыр дертке шалдыққан 24 жастағы жігітке екі өкпесін алмастыру үшін донор табылмаған.

Даррен Истон мен Лорен Поуп 60 қонақтың алдында бір-біріне адал болуға уәде берді. Бұл кезде қонақтардың бәрі көз жасын тоқтата алмады. Себебі ғашықтардың екеуі де бірдей дертке шалдыққан. Олар 2015 жылы қайтыс болған ортақ достарының жерлеуінде танысыпты.


Даррен сүйіктісіне 2016 жылдың наурыз айында ұсыныс жасаған. Олар содан бері үйлену тойына қажетті ақша жинай бастапты. Алайда қараша айында жас жігіттің өкпесі істемей қалып, оның күтуге уақыты болмаған. Дарреннің төсектен тұруға шамасы болмаса да, ол сүйіктісімен алғашқы және соңғы биін биледі.
Ғашықтардың екеуі де өмірге келе салысымен, сарысулы фиброз диагнозы қойылған. Мұндай диагнозы бар пациенттердің өмірінің орташа ұзақтығы – шамамен 40 жыл.
«Бұл менің өмірімдегі ең ұлы күн болды. Ендігі мен Лореннің алдағы өмірі үшін ғана алаңдаймын. Мен оған ақша және өз заттарым салынған қорапты қалдырдым. Оның бақытты болғанын қалаймын», – дейді Даррен Истон.
Stan.kz