Оңтүстік Кореяда жылжымайтын мүлікке рекордтық баға тіркелді
Оңтүстік Кореяда өткен жылы жылжымайтын мүлікке рекордтық баға тіркелді, деп хабарлайды.
Сеул орталығындағы бір шаршы метрдың құны 9 мың доллардан асты. Ресми деректерге сәйкес Таңғы самал елі тұрғындарының тек 45% өз баспаналары бар. Қалғандары бөлме немесе пәтер жалдауға мәжбүр. Оңтүстік Корея астанасындағы жалға берілетін ең арзан орын - Кошивон. Ұзындығы үш және ені екі метр кішігірім бөлмені жалдау ақысы айына шамамен 300 АҚШ доллары. Жалдауға берілетін тұрғын үйдің тағы бір түрі – ванрум бір бөлмелі студия-пәтері. Сеулдегі оның ең төменгі бағасы - 400 доллар. Сонымен қатар ванрумның иелері 2 мың доллар және одан жоғары депозитті төлеуді талап етеді. Бұл сома жалдау мерзімі аяқталғанда жалға алушыға қайтарылады. Кошивондар мен ванрумдар студенттер арасында танымал. Таңнан кешке дейін олар оқып, жұмыс істеп, бөлмеге тек қону үшін барады.
Эльмира Әбдірахманова, Кукмин унверситетінің студенті:
- Негізі Кореяда бәрі қымбат. Біздің Қазақстанға қарағанда екі есе қымбат. Және бір үлкен ванрум. Ванрум – бір үй, бір бөлмелік үй 400 доллар. Кошивон 260 доллардай.
24.kz