ДӘМІ ӨЗГЕРІП ТҰРАТЫН «МӘҢГІЛІК САҒЫЗ» ЖАСАП ШЫҒАРЫЛДЫ
Жапониялық ғалымдар дәмін өзгертуге болатын сағыз ойлап шығарды. Ерекше сағызды Мэйдзи университетінің ғалымдары жасап, Германиядағы симпозиумда сынақтан өткізген. Жаңа өнімнің консестенциясы әдеттегі шайнайтын сағыз сияқты. Тұтынар алдында мамандар арнайы құрылғының көмегімен оның дәмін келтіреді. Кейін одан алманың, ананастың, еттің, шоколадтың және басқа кез келген өнімнің дәмі шығады. Оның жарамдылық мерзімі ондаған жылдарды құрайды және ағзаға қауіпсіз. Болашақта әзірлеушілер оны сатылымға шығармақ.
Дереккөз: life.ru