Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс істеуге арналған үздік елдер анықталды

Жұмыс істеуге арналған үздік елдер анықталды

HSBC банкі жүргізетін жылдық Expat Explorer сауалнамасының қорытындысы бойынша, Сингапур — экспаттардың жұмыс істеп, өмір сүрулеріне арналған қалалардың ішінде ең үздігі. Бұл туралы Bloomberg басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 



Ал табыс табу жағынан Сингапур бесінші орынды иеленді. Ол елде шет мемлекеттен келген мамандардың орташа жалақысы жылына 162,2 мың долларды құрайды. Швейцария экспаттарға барлығынан да жоғары жалақы беруге дайын. АҚШ 185,1 мың, Гонконг 178,7 мың, Қытай 172,7 мың доллар берсе, Швейцария оларға жылына 202 мың доллар төлейді.
Сингапур өмір сүруге арналған қолайлы жағдайлар мен табыс табу жағынан алдыңғы орынды иеленеді. Сосын Жаңа Зеландия, Таиланд, Испания адамға максималды түрде тәжірибе жинауға көмектеседі.
Сауалнамаға сәйкес, экспаттардың 45 пайызы шетелге көшкен жағдайда өз еліңде істеп жүрген жұмысқа көбірек ақша төленетінін біледі. HSBC деректері бойынша, көшкеннен кейін орташа алғанда 21 мың доллар көлемінде қосымша жылдық табыс табуға болады.
Stan.kz

14 қазан 2018 ж. 807 0