Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайға жойылу қаупі төнді

Қытайға жойылу қаупі төнді


Қытайлар ең тығыз шоғырланған Ұлы Қытай жазығы осы ғасырдың соңына таман тіршілік етуге жарамсыз аймаққа айналмақ. Аталған ел билігі парникті газды азайтатын шұғыл шараларды қолға алмаса. Бұл тек Қытайдың бас ауруы емес, күллі әлем бетпе-бет келіп отырған жаһандық проблема. Қытай ғалымдар дабыл қағып отыр: ылғалды жылы ауа жағалауда орналасқан тұрғындардың жаппай бас сауғалап, өзге өңірлерге қоныс аударуына итермелейді. Әсіресе, ылғалды термометр деп аталатын (су буына толы ауа температурасын көрсететін құрал) көрсеткіш 35°С-тан асқанда жағдай қиындамақ. Мұндай кезде адам денесінің табиғи жолмен, яғни, терлеу арқылы салқындауы мүмкін емес, ол ол ма, дені сау адамдардың өзі көлеңкеде отырса да 6 сағаттан артық тағат тауып отыра алмайды. Бұл проблема аталған өлкедегі парникті газдың көптеп бөлінуінен асқынып тұр. Ұлы Қытай жазығында елдің алдыңғы қатарлы өнеркәсібі мен фермерлік шаруашылығы шоғырланған. Яғни, Бейжің, Шанхай және Тянцзыньды айтуға болады. Бұл аймақта шамамен 400 млн қытай өмір сүріп жатыр. Ылғалды ауа толқыны ұлтты жойып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл қатерге Оңтүстік Азиядан 1,7 млрд адам аман қалмайды. 
islam.kz
02 қазан 2018 ж. 2 491 0