Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда отбасындағы бала санына шектеу қоюды толығымен алып тастамақ

Қытайда отбасындағы бала санына шектеу қоюды толығымен алып тастамақ


Қытай билігі отбасындағы балаларға шектеу қоюды алып тастау мәселесін қолға алды. Бүкіл қытай халық өкілдерінің жиыны кезінде бұл мәселені заңды түрде бекіту туралы сөз болды.

Мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы қабылданған “бір отбасында екі бала” деген шектеуде алынып тасталады. Қайта қаралған құжат 2020 жылы наурыз айында бүкіл қытай халық өкілдерінің жиынында бекітілетін болады. Бұл дегеніміз жақын арада Қытайда еш бала санына шектеу қойылмайды деген сөз.
Сарапшылардың пікірінше, елде демографиялық жағдай өзгеріп кеткен. Сондықтан бала санына қатысты саясатта да өзгеріс болуы керек.
Биыл мамыр айында билік өкілдері отбасындағы барлық балаға қойылатын шектеуді алып тастау туралы мәселе қаралған болатын. Кейіннен елдің кей өңірінде екінші туған бала үшін ақша төленетініайтылды. Себебі 2016 жылғы екі бала тууға рұқсат берілгенімен, көрсеткіш артқан жоқ.
Қытайда баланы асыраудың қиынға соғуына байланысты, екінші баланы өмірге әкелуден бас тартуда. Қытайлардың бір айлық шығыны 8 мың юаньға жетеді.
Қытайда халық саны 2017 жылы 1,4 млрд адамды құрады. «Бір отбасында бір бала» саясаты 1979 жылы енді. 2000 жылға қарай халық саны 1,2 млрд адам болу керек деп жоспарланған. Тапсырма орындалды. 2000 жылы қарашада 42,5 млн адамға артық болды.
Елде ерлер саны әйелдерге қарағанда 20 млн-ға көп. Билік өкілдері түрлі әдіспен қыз балаларды өмірге әкелуге күш салуда.
Stan.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 938 0