Солтүстік Корея төрт елді байланыстыратын теміржол салмақшы
Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын атасының арманын орындап, қос Корея, Ресей мен Қытайды жүйрік теміржолдармен байланыстыруды көздеп отыр. АҚШ президенті Дональд Трампен өткен келіссөздерінен кейін, халықаралық қауымдастықтың Пхеньянға қысымы әлсірей бастаған. Солтүстік Кореядағы жүйрік теміржолдың алғашқы тармағын салуға 5 жыл кетеді және оның құрылысына 20 миллиард доллар қажет. Бұл істе көрші мемлекетке Оңтүстік Корея көмектесуге дайын. Аталған ел келесі жылғы бюджетінде Солтүстік Кореяны жаңғыртуға 450 миллиард доллар бөлмек. Бұл Сеулге де елеулі пайда әкелуі керек. Өйткені 4 елді теміржолмен байланыстыру аймақтағы сауда мен туризмнің дамуына септігін тигізеді.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/261911-solt-stik-koreya-t-rt-eldi-bajlanystyratyn-temirzhol-salma-shy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz