Оңтүстік Кореяда «Соулик» тайфуны Сеулге бет алды
Оңтүстік Кореядағы «Соулик» тайфунының екпіні үдей түсті. Қатты соққан дүлей дауыл Чеджу аралының астан-кестеңін шығарып, ел астанасына қарай бет алды. Аралда 500 милиметрден аса жауын жауып, Халла таулы аймағындағы желдің жылдамдығы секундына 60 метрді құрады. Қазір тайфунның эпицентріндегі жылдамдық сағатына 35 шақырымды көрсетіп тұр. Айтпай келген апат салдарынан Чеджу аралында алты жарым мыңнан аса тұрғын үй жарықсыз қалды. Бір әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Метеорологтаңдың пікірінше «Соулик» «Компас» тайфуны сынды өте қауіпті дауыл. Оның салдарынан 8 жыл бұрын алты адам қаза тауып, елге 8 миллиард доллардай шығын келген болатын. Ертең таңғы 07.00-де тайфун Сеулге жетеді. Осыған орай 350-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді.
www.24.kz