Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Такси» фильмінің бас кейіпкеріне Ресейде ота жасалды

«Такси» фильмінің бас кейіпкеріне Ресейде ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде франциялық актер Сами Насериге ота жасалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. 
Гельмгольц атындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының баспасөз хатшысы Фатима Кочеваның айтуынша, актерге ауыр ота жасалған. «Актер Ресейде ота жасатуға шешім қабылдады. Ол әлі наркозда жатыр. Жарақаты ауыр болды. Дәрігер отаның сәтті өткенін айтты», - дейді ол. 5 тамызда Мәскеу орталығындағы барлардың бірінде актер қонақтардың бірімен төбелесіп қалған. Айта кетейік, франциялық актер «Такси» фильмі арқылы әйгілі болды. Фильмнің төртінші бөлімі көрерменге жол тартқан соң, басқа атақты фильмдерге түспеді. Есесіне, Париж полициясының ақпараттарында оның есімі жиі аталып жүр: 2014 жылдың тамызында ол бұрынғы сүйіктісіне шабуылдаған. Сол жылы наурызда әйеліне пышақпен сес көрсетіп, ұсталған. 2011 жылы Канн фестивалінде кафеде жанжал шығарып, полицейлермен төбелескен. Сол кезде оған 10 мың еуро айыппұл салынды. Оған дейін, 2009 жылы актер біреуге пышақпен шабуылдағаны үшін бір жыл төрт ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұдан тыс, Насери мас күйінде машина жүргізу, ұрып-соғу, бұзақылық секілді баптармен де бірнеше рет ұсталған.
inform.kz

14 тамыз 2018 ж. 879 0