ГОЛОВКИН АТАҚТЫ АМЕРИКАЛЫҚ АКТЕРГЕ ҚАЗАҚЫ НАҚЫШТАҒЫ ҚОЛҒАБЫН СЫЙЛАДЫ
Енді "оскар" сыйлығын бірнеше рет иемденген марк уолбергте геннадий головкиннің былғары қолғабы бар.
Геннадий Головкин танымал америкалық актер Марк Уолбергке қазақы нақыштағы қолғабын сыйға тартты. Бұл туралы рематчқа дайындалып жатқан боксының өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Today.kz.
"Нағыз ер және нағыз чемпион Марк Уолбергпен кездескен өте тамаша", – деді Головкин.
Марк Уолбергтің кәдесыйларының қатарын Головкиннің алтын түсті, қазақы оюмен безендірілген және Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғап толықтырды.
Марк Уолберг – америкалық актер. "Golden Globe Award" және "Oscar"сыйлығымен екі рет марапатталған. Ол тек қана актер емес. Қайырымдылық істермен жиі айналысады әрі модель.
"Буги стиліндегі түн" фильмінен кейін танымал болып, "Мінсіз дауыл", "Маймылдар планетасы", "Италиялықтарша тонау" кинокартиналарында сәтті өнер көрсетті.