Кофе хош иісінің адамға тигізер пайдасы анықталды
АҚШ-тағы Стивенс технологиялық институтының мамандары кофенің хош иісінің адамдардың аналитикалық тапсырмаларды оңай орындауына атап айтқанда, шетелдік бизнес-мектептерге түсетін талапкерлер тапсыратын стандартталған GMAT тестін жеңіл шешуге мүмкіндік беретінін анықтады. Сарапшылардың пікірінше, бұл нәтиже плацебо әсеріне байланысты. Бұл туралы HealthXpress баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ғалымдар жүргізген тәжірибеге алгебра бойынша 10 сұрақтан тұратын GMAT тестін тапсырған жүзге жуық студент қатысты. Олар екі топқа бөлінді. Алғашқы топта тәжірибеге өз еркімен қатысуға ниет білдірген тәжірибелі адамдар болды. Ал, олар тапсырма орындаған бөлмеде кофенің иісі мүңкіп тұрды. Тест қорытындысы бойынша, бұл қатысушылардың бақылау тобындағыларға қарағанда сынақты жақсы тапсырып шыққаны белгілі болды.Ал, зерттеудің екінші бөлігінде ғалымдар 200 адамнан түрлі иістердің адамдардың әрекеттеріне қалай әсер ететіндігі туралы өз ойларын сұрады. Респонденттердің айтуынша, кофенің хош иісі қырағылықты, өнімділікті және күш-жігерді арттыруға, сондай-ақ түрлі тапсырмалардың орындалуын жақсартуға тиіс. Тәжірибе барысында кофе иісінде ешқандай кофеиннің болмағанын ескерсек, сарапшылар тестілеу кезінде алынған нәтижелерге сүйеніп, бұны өзін-өзі сендіру деп түсіндірді.
Зерттеушілер бұл жағдайда, плацебо әсері өмірдің әр түрлі салаларында, оның ішінде бизнесте пайдалы болуы мүмкін деп санайды. Мысалы, студенттер мен қызметкерлердің жұмысын жақсарту үшін аз ғана кофе иісін қолдануға болады.
Stan.kz