Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанның білім министрі студенттердің жаппай наразылығынан кейін қызметінен кетті

Үндістанның білім министрі студенттердің жаппай наразылығынан кейін қызметінен кетті

Үндістанның білім министрі студенттердің жаппай наразылығынан кейін қызметінен кеттіҮндістанның білім министрі Дхармендра Прадхан медициналық жоғары оқу орындарына түсуге арналған NEET емтиханы төңірегіндегі жанжалдан кейін қызметінен кетті. 36 күнге созылған студенттердің жаппай наразылығы нәтижесінде министр емтиханның күшін жоюға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Egemen.kz

The Times of India басылымының хабарлауынша, Дхармендра Прадхан отставкаға кету туралы өтінішін премьер-министр Нарендра Модиге жолдаған. Президент Драупади Мурму премьердің ұсынысымен бұл өтінішті қабылдады. Министрдің міндетін уақытша Пралхад Джоши атқарады. Үкімет наразылық білдірушілермен жүргізілген келіссөздердің үшінші кезеңінен кейін бейбіт шеруге қатысушыларға қатысты қылмыстық істерді тоқтатуға және өз-өзіне қол жұмсаған студенттердің отбасына өтемақы төлеуге келісті. Осыдан кейін акцияға қатысушылар тарады.
NEET емтиханы 3 мамырға жоспарланған болатын, алайда тапсырмалардың алдын ала тарап кеткені туралы ақпараттан кейін оның нәтижелері жойылды. Қазір Үндістанның Орталық тергеу бюросы істі тексеріп жатыр. Ондаған адам ұсталды. Үкімет мемлекеттік емтихандар туралы заңға алаяқтықтың алдын алу, тергеуді жеделдету және заң бұзушыларға жазаны күшейтуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды.




26 шілде 2026 ж. 40 0