Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жеттіҚытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғи апаттан елдің оңтүстік және орталық өңірлері қатты зардап шеккен. Әсіресе Хубэй провинциясы, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы және Гуандун провинциясы аймақтарындағы жағдай күрделі.
Су тасқынына байланысты мектептер жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қауіпті аймақтардан шамамен 25 мың адам эвакуацияланған.
Қытай билігі табиғи апат салдарын жою жұмыстарына шамамен 22 миллион доллар бөлген. Ал синоптиктер қолайсыз ауа райы алдағы бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда табиғи апат елдің бірден 7 провинциясын қамтып, салдарынан 18 адам көз жұмғанын жазған едік. Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тапты, тағы 137 адам жарақат алды.


22 мамыр 2026 ж. 1 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930