Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты

Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты


Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарындағы су тасқыны мен лай көшкіндерінен қаза тапқандардың саны 225-ке жетті. Тағы 14 тұрғын іздестіріліп жатыр. Табиғат апатынан елдің ондаған префектурасы зардап шекті. 4 жарым мың адам әлі үйлеріне орала алмай, уақытша орталықтарды паналауда. Көптеген ауданда жарық пен ауызсу жүйесі бұзылған. Дүкендер әлі жұмыс істемей жатыр. Биліктің мәлімдеуінше, жалпы табиғат апатынан келген шығынның көлемі 697 миллион долларға жеткен. Еске сала кетейік, осы айдың бас Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарына «Прапирун» дауылы соғып, оның соңы жауынға ұласты. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, елдің ауыл, орман және балық шаруашылығына орасан зор шығын келген.
www.24.kz
20 шілде 2018 ж. 1 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031