Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда Үндістан азаматы 15 жылға сотталды

Алматыда Үндістан азаматы 15 жылға сотталды

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі ірі көлемдегі есірткі жеткізудің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пхукет – Алматы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін халықаралық келу залында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 42 жастағы Үндістан азаматы анықталып, ұсталды.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты. Оның айтуынша, құқық бұзушының багажын тексеру кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 2 кг 995 грамм болатын марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

– Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты шетел азаматын кінәлі деп танып, оны 15 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті, – деді М.Айтуғанов.

Айта кетейік, 2025 жылдың 11 айында Көліктегі ПД 347 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 52 сату фактісі, 19 аса ірі көлемде сақтау, 2 қылмыстық топ құру, сондай-ақ 12 контрабанда фактісі. Заңсыз айналымнан жалпы 781 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

09 желтоқсан 2025 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930