Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Өзбекстанмен байланыстыратын жаңа жолдар салуды жоспарлап отыр

Қырғызстан Өзбекстанмен байланыстыратын жаңа жолдар салуды жоспарлап отыр

АСТАНА. Kazinform - Қырғызстан үкіметі алдағы жылдары бірқатар көлік жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жаңа темір жолдар салу мен көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейтін 2030 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасында көзделген. Құжатта республиканың теңізге шыға алмайтын таулы ел мәртебесін ескере отырып, көліктік-логистикалық интеграцияның және бағыттарды әртараптандырудың маңыздылығы атап өтілген. Шектеулі инфрақұрылым, логистикалық орталықтардың болмауы және әлсіз халықаралық интеграция сауда әлеуетін және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Ішкі жолдардың, көпірлердің және темір жолдардың жоғары деңгеде тозуы ішкі тасымалдау құнының жоғарылауына, жүк тасымалының төмендеуіне және апаттардың көп болуына әкеледі. Үкіметтің мәліметінше, көлік саласының ел экономикасына қосқан үлесі шамамен 0,5 миллиард долларды құрайды. Жоспарланған жобалардың бірі – Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы елдің транзиттік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, аймақтағы сауда қатынастарын жақсартуға тиіс. Сондай-ақ, Баткен өңірін дамыту жоспары аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға, көлік пен сауда деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін Баткен-Қоқан темір жолын салу жоспарлануда. Баткен мен Раззақов әуежайларын жаңғырту да жоспарда бар. Атап айтқанда, Чатқал-Ташкент баламалы жолын, халықаралық әуежайды, индустриалды аймақтарды және Жалалабадтағы Чатқал Резорт шаңғы базасын салу жоспарлануда. Еске сала кетейік, Қырғызстанда Тәжікстан және Өзбекстан шекарасында бақылауды күшейту ұсынылды.



11 наурыз 2025 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31