Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Талибан» алғаш рет БҰҰ саммитіне қатысады

«Талибан» алғаш рет БҰҰ саммитіне қатысады

Ауғанстанды билеп отырған «Талибан» қозғалысының өкілдері алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісі жөніндегі саммитіне қатысады. Жиын бүгін Бакуде басталады. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптерді халықаралық жиынға Әзербайжан бақылаушы ретінде шақырған. Делегация пікірталастарға қатысып, екіжақты кездесулер өткізеді. Бірақ «Талибан» өкілдеріне негізгі отырыстарда бой көрсетуге тыйым салынған. Өйткені бұл ұйым Ауғанстанның ресми үкіметі ретінде халықаралық деңгейде әлі мойындалмаған. Бұған 2021 жылы Кабулдағы орталық билікті күшпен басып алуы себеп. Сондай-ақ елдегі қыз-келіншектердің емін-еркін жүріп-тұруы мен құқықтарын шектеу де тәліптерге деген теріс көзқарас қалыптастырып отыр.
24.kz/kz​​​


11 қараша 2024 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930