Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Канар аралдары артық туризмге қарсы наразылық білдірді

Канар аралдары артық туризмге қарсы наразылық білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Канар аралдары бойынша он мыңдаған адам артық туризм және оның салдарына қарсы наразылық білдіруге шықты. Ең танымал аралдардың бірі Тенерифеде ғана көшеге 30 мыңға жуық шеруші шықты, деп хабарлайды Euronews. 
Архипелаг тұрғындары туризмнің қоршаған ортаға және өздерінің әл-ауқатына, соның ішінде тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты кері әсері туралы айтты.
«Біз, канарлықтар, жайлы өмір сүру үшін кетуге мәжбүр болғанымыз дұрыс емес. Бізді ешкім елемейді», - деп мәлімдеді олар.
Шерушілер үкіметтің жағдайды елемей, еш шара қолданбай отырғанын айтып, Канар аралдарының экономикалық моделіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етіп жатыр.
Олар туризмге емес, жағдайды осындай деңгейге жеткізген саясаткерлер мен бизнесмендерге қарсы екенін баса айтады.
2023 жылы Канар аралдарына шамамен 14 млн турист келді, архипелагтың өз халқы – 2 млн-нан астам адам. Бұл ретте туризмнен түсетін табыс өңірдің жалпы ішкі өнімінің үштен бірінен астамына тең болып отыр. Канар аралдары — Африканың солтүстік-батыс жағалауында, Атлант мұхитындағы жеті жанартаулық аралдан тұратын архипелаг. Еске сала кетсек, осы жылдың шілде айында Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласында мыңдаған белсенді туризмге қарсы наразылық шеруіне шықты.
21 қазан 2024 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930