Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Францияда халық ереуілге шықты

Францияда халық ереуілге шықты


фото: ашық дереккөз

Францияның бірнеше қаласында наразылық акциясы болып жатыр. Халықтың жаппай ереуілге шығуына 27 маусымда Нантере қаласында тәртіп сақшыларының Солтүстік Африкадан келген бозбаланы атып тастағаны себеп болған.

Полицияның хабарлауынша, көлік жүргізушісі бірнеше рет жол ережесін бұзып, тәртіп сақшыларының ескертуін елемеген. Содан кейін полицейлердің бірі оны көліктен шығармай-ақ шүріппені баса салған. Бозбала жарақат алып, алдында тұрған бағанға соғылып, сол жерде көз жұмған.

Осы оқиғадан кейін халық әділдікті талап етіп, көшеге шыққан. Наразылық акциясына алғашқы күні 6 200-дей адам қатысқан. Олар адамды атып өлтірген полицияны жазалауды талап етіп жатыр.

Енді міне, елде үш күннен бері ереуіл басылмай тұр. Соңғы мәліметке сүйенсек, 150-ге жуық адам тұтқындалған.
Кеше ел президенті Эммануэль Макрон Үкімет мүшелерімен кездесіп, жиын өткізген. Бірақ одан нәтиже шықпады. 
Қақтығыс кезінде тағы бір адам ауыр жарақат алды. Оған да полиция оқ атқан. Осыдан кейін халық тағы ашуға мініп, көліктерді өртеп, полицияға қарсылық көрсетті.

Қақтығыс Париж, Ренне мен Тулузада жалғасын тапты. Францияның Ішкі істер министрі тергеу басталғанын хабарлады.

Дастан Жұмабекұлы

30 маусым 2023 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031