Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада рекордын орнатқан пәкістандық спортшыға 897 мың доллар берілді

Олимпиада рекордын орнатқан пәкістандық спортшыға 897 мың доллар берілді

ИСЛАМАБАД. KAZINFORM – 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында найза лақтырудан Пәкістан атынан қатысқан Аршад Надим рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, жергілікті билік тарапынан 897 мың доллар сыйақыға ие болды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадта жұлдызды спортшыны марапаттау рәсімінде Надимге 150 миллион рупий (538 мың доллар) бөлетінін жариялады. Бұған дейін Пенджаб штатының бас министрі Мариям Наваз Миан Чанну ауданындағы ауылдағы Надимнің үйіне барып, оған 100 миллион рупийдің (359 мың доллар) чегін сыйлаған.
Сондай-ақ, Наваз найзаны рекордтық қашықтыққа 92,97 метрге лақтырған спортшының құрметіне «ПАК 92.97» арнайы мемлекеттік нөмірі бар жаңа көліктің кілтін табыс етті. Надимнің жаттықтырушысы Салман Икбал Буттқа да 5 миллион рупий (18 мың доллар) табыс етілді. Анықтама үшін, Пәкістан Олимпиадада 1 ғана алтын жеңіп алды және медальдар саны бойынша 62-орында тұр.
15 тамыз 2024 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930