Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда қаңғыбас иттерге қатысты заң қабылданды

Түркияда қаңғыбас иттерге қатысты заң қабылданды

Түркияда бірнеше айдан бері талқыланып, қоғамда үлкен пікірталас тудырған қаңғыбас ит-мысықтарға қатысты заң қабылданды. Енді алдағы 4 жыл ішінде көшеде қараусыз жүрген барлық ит пен мысықты арнайы орталықтарға жинайды.
Мамандар оларды емдеп, пішіп (кастрация), тіркеуге алады. Одан кейін оларды асырап алғысы келген адамдарға береді. Ал жұқпалы ауруы бар немесе қолға үйренбейтін қабаған иттер өлтіріледі.
17 баптан тұратын заңға сәйкес, 2025 жылға дейін Түркия аумағындағы барлық ит пен мысыққа электронды чип салынуы керек. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктер 2028 жылға дейін иесіз иттерге арналған арнайы орталықтар салуы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv
Жаңа заңға сәйкес, бұл баптарды орындамаған шенеуніктер 6 айдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.
«Бұл заң жануарларды өлтіру емес, қаңғыбас иттерге жаңа қожайын тауып беру үшін дайындалды. Яғни, біз алдымен қараусыз жүрген жануарларды орталықтарға жинаймыз. Содан кейін оларды алғысы келетін адамдарға береміз немесе сол орталықта бағамыз. Ветеринарлардың шешімімен емделмейтін, жұқпалы ауруы бар немесе бағуға көнбейтін қабаған иттердің көзін жоюға тура келеді», – деді Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибраһим Юмаклы.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
31 шілде 2024 ж. 1 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031