Босқын қайда барады?
Қазір әлемде босқын үдерісі жылдан-жылға үдеп, үлкен проблемаға айналып барады. Халықаралық қоғамдастық жаһанның қауіпсіздік жағдайын жақсарта алмай тұр. Оның бір көрінісі – байырғы қонысынан баз кешкен адамдардың көбеюі. Әрине, олардың «астынан су шықпаса», мекеннен ауып несі бар? Мұны майшаммен зерттеп жатқан БҰҰ мен Еуроодақ та әзірге ортақ шешім таба алмай, пұшайман болып отыр.
БҰҰ босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БЖКБ) дерегі бойынша әлемде мәжбүрлі қоныс аударған адамдар саны 110 миллионнан асқан. Оның 36,4 миллионнан астамы – босқындар. Баспана іздеп босқан 6 миллион адам бар екен. Халықаралық ұйым сарапшылары мұның негізгі себебі сұм соғыстың салдарынан екенін айтады. Бұған қоса саяси қуғын-сүргін, түрлі қақтығыс пен зорлық-зомбылықтың да зардабы тиіп тұр.
Бүгінде кәрі құрлық «босқындар лагеріне айналып барамыз» деп байбалам салғанымен, босқындарды ең көп қабылдап отырған ел – Иран мен Түркия. Әрқайсысы 3,4 миллион адамды паналатқан. Германия мен Колумбияда 2,5 миллионнан астам жұрт босып жүр. Ал Пәкістан 2,1 миллион босқынды қабылдаған.
Германия демекші, Еуропаға жеткеннің қолы көкке жететіндей көретіндерге бір кейісті кейс ұсынуымызға тура келіп тұр. Қазір өзі босып, бордай тозып жүргендерге түрлі шабуыл жасап, қысым көрсету дерегі де аз емес.
Германияның өзінде хостелдердегі 121 босқынға шабуыл жасалған. Осы елдің «Neue Osnabrücker Zeitung» газетінінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы босқындарға арналған баспаналардан тыс жерде 1 248 шабуыл фактісі тіркелген.
Қазір жер бетінде жел қуған қаңбақтай сабылған адамдардың 52%-ын үш елдің азаматтары құрап отыр. Ол – Сирия (6,5 млн), Ауғанстан (6,1 млн), Украина (5,9 млн). Сонымен қатар жер-жиһанда «азаматтығы жоқ» деген санаттағы адамдар бар. Оның өзі 4,4 миллион болған. Мұндай «ауадағы» адамдардың қатарында қаракөздердің де бары байқалады. Азаматтығы жоқ адамдар былтырғы санақ бойынша, әлемнің 97 елінде кездескен. Бұл ретте бір маңызды деректі көзіміз шалды, босқындардың және халықаралық пана іздеушілердің 69%-ы көршілес елдерден келетіні анықталған.
Көршіге біз де кенде емеспіз. Малы аралас, қойы қоралас Құдай қосқан бақандай бес көршіміз бар. Ресми деректерге сенсек, елімізде босқындардың саны көп емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметі бойынша, елімізде Ауғанстан, Өзбекстан, Сирия, Украина, Қытай елдерінен келген 325 босқын тұрады. Бұл қатардан солтүстіктегі көршімізді көрмедік. Бірақ Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы дерегіне сәйкес, елімізге Ресейден 396 946 адам келген. Ал еліміздегі босқын куәлігі берілген адамдардан тыс 635 пана іздеушілер тіркеліпті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 сәуірдегі бұйрығы бойынша, елімізде босқын мәртебесін беру туралы қағидасы бекітілді. Босқын мәртебесін алуға пана іздеген адам елімізге келген күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде заңда белгіленген тәртіпке сай өтініш бере алады. Өтініш түскен күні Қазақстанда пана іздеген адамның куәлігі үш ай мерзімге беріледі. Болашақта оның мерзімі тағы үш айға ұзартылуы мүмкін. Куәлікті алған соң елімізде тұруға кедергі жоқ.
Босқындар ісі – өте нәзік мәселе. Сондықтан оны сауатты һәм салмақты жүргізу үшін жуырда Алматыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, БҰҰ БЖКБ, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі бастаған еліміздің 19 жергілікті атқарушы органының қызметкерлеріне арналған босқындарды қорғау саласындағы ұлттық және халықаралық заңға арналған екі күндік семинарда біраз мәселе талқыланды.
«Ұлттық және халықаралық босқындар туралы заңның дәйекті қолданылуын қамтамасыз ету аясында әлемдегі, сондай-ақ Қазақстандағы құзырлы мекемелер мәжбүрлі қоныс аударылған адамдарды қорғауға, қолдауға жағдай жасайды. Еңбек министрлігімен және басқа серіктестермен ынтымақтастығымыз қоныс аударған адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктер жетілдіруге ықпал етеді», деді БҰҰ БЖКБ Орталық Азиядағы өкілі Ханс Фредрих Шоддер.
Мамандардың айтуынша, біздегі босқындардың басым бөлігі елімізде қалуды көздейді. Олардың 70%-дан астамы 10 жылдан бері өмір сүрсе, жалпы санының 22%-ы елімізде дүниеге келген.«Министрлік босқындар мәртебесіне қатысты 1951 жылғы Конвенцияның және оның 1967 жылғы Хаттамасының ережелерін ескере отырып, Қазақстандағы босқындарды интеграциялаудың әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қамтитын Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру ел аумағында босқындар мен пана іздеушілерді қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.
Көші-қон нұсқаулығына қарағанда, еліміздегі босқындардың мүмкіндіктері мол. Мәселен, босқындар еліміздің аумағына уақытша тұрақтаған кез келген шетел азаматы секілді іс жүзінде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Ол медициналық қызметке, сот қорғауына, өз бизнесін ашуға, жұмысқа орналасуға құқылы. Айырмашылық тек жұмысқа орналасу кезінде зейнетақы жарналарын аудармайтын қарапайым жалдамалы жұмысшы ретінде ресімделеді. Яғни босқынға жергілікті атқарушы органдардан жұмысқа қандай да бір рұқсат алудың қажеті жоқ, оны шетелдік жұмыс деп санамайды. Олардың елімізде тұруға ықтиярхат алуға, тіпті азаматтық сұрауға мүмкіндігі бар. Кез келген босқын елінде қалған туыстарымен байланысуға уәкілетті органдарға жүгіне алады. Негізгі талап – олар Қазақстан заңдарын сақтауға тиіс. Егер босқын шетелге шықса, көші-қон қызметіне алдын ала хабарлауы керек.
«Кейінгі 30 жыл ішінде Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлесін қосып, Сириядағы бейбіт келіссөздерге жәрдемдесті, адам құқықтары жөніндегі көптеген келісімшарт ратификациялап, жүзеге асырды. БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі агенттігі БҰҰ-ның басқа мүшелерімен бірге Президент Тоқаевтың адам құқықтары саласындағы ұстанымын құптайды және қолдайды. Адам құқықтарын, соның ішінде босқындардың құқықтарын қорғау, тұрақты даму тұрғысынан ешкімді тысқары қалдырмау міндеттемесі елдердің экономикалық дамуына әсер етеді», дейді Ханс Фридрих Шоддер.
Батыс Еуропа 1990-жылдары ауған жұртқа есігін айқара ашқанымен, кейінгі жылдары жағдай өзгерді. Қазір Еуроодақ ұлттық бірегейлікті сақтау және террорлық қауіптің алдын алу маңызды екенін алға тартып, босқындарға уақытша баспана беру мәселесін күрделендірді. Өйткені оларға қатысты қылмыстық көрсеткіші күрт өсті. Германия мен Швециядағы әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты, Франция мен Бельгиядағы террорлық актілерді кейбір Еуропалық БАҚ радикалды діни ағымдар ықпалымен байланыстырады. Осыған қарап енді Еуропа жосыған жұрттың бәріне жайылып жастық, иіліп төсек бола қоймайтынын аңғарамыз. Еуроодақ Жерорта теңізінен құтқарылған босқындарды жеткізетін солтүстік Африкада «қауіпсіз аймақтар» жүйесін құру және сол секілді мәселелерді қолға алған. Дегенмен мұның бәрі босудың себебін жоймай, салдарымен күресу болар еді. Сондықтан да әлем бойынша босқындар мәселесі әлі күнге дейін өткір күйінде тұр.
Бұған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында еліміздің ұстанымын, бағыт-бағдарын және тұтастықты сақтауға назар аударған еді. «Көптеген елде инфляция өршіп, қымбатшылық болып жатыр. Мемлекеттер арасында түрлі текетірес, қарулы қақтығыс белең алды. Босқындардың саны 110 миллионнан асты. Мұның бәрі Қазақстанға да салқынын тигізеді. Бірақ біз жаһандық дүрбелең дәуірінде өз бағдарымыздан адаспаймыз. Әрине, даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайды. Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыз осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек», деді Президент. Саясаттанушы, конфликтолог Руслан Ахмағанбетов «Қазір еліміздің босқындарға қатысты ұстанымы оң» дейді.
«Босқындарға көзқарас гуманистік қатынастарға негізделуі керек. Бүгінгі Ауғанның басынан өткен сүргін, кеше біздің де басымыздан өтті. Мысалы, 22-33-жылғы қолдан жасалған аштық және 37-дегі репрессияны катакализм деп алсақ, сол кезде біздің көп азамат сол жаққа бас сауғалады. Адам өз туған жерінен босса, Жер-Ана ортақ. Адам ретінде өмір сүруге мүмкіндік болуға тиіс. Егер мұны жоққа шығарсақ, дүниедегі гуманистік құндылықтардың бәріне қарсы шыққанмен бірдей. Екіншіден, әр мемлекет өз кеңістігін сақтауға мүдделі. Демек, шамадан тыс мигрантты да, босқынды да көп қабылдауға тиіс емес. Себебі көп жағдайда босқын – мемлекеттің бірегейлігіне кері ықпал ететін адамдар. Олар осы жаққа келіп, қазақ тілін үйреніп, қазақ болып кетпейді. Мемлекет осының екі ортасын ұстануға тиіс. Өйткені босқын мәртебесін алғаннан кейін оның экономикаға да әсері болады. Бұдан кейін оларды мемлекет қамтамасыз етеді. Сондықтан кейбір жақын көрші елдерден келгендерге босқын мәртебесін бере бермеудің тиімді жағы тағы бар. Өйткені бұл мемлекетке масылдықты күшейтеді», дейді саясаттанушы.
egemen.kz
Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»