Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде 761 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдықты – ДДҰ

Әлемде 761 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдықты – ДДҰ

Биыл 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында әлемде 3,7 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 26 мыңнан астамы қайтыс болды. Өлім-жітім алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 46% төмендеп, вирусты жұқтырғандар 31% азайды, деп хабарлайды Egemen.kz  Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына сілтеме жасап.



ДДҰ ақпараттық бюллетеніне сәйкес, төрт аптада әлемде 3 738 575 адам коронавирус жұқтырса, олардың 26 147-і көз жұмған.
28 күн ішінде ең көп сырқаттанғандар АҚШ-та тіркелді – 792 202. Одан кейінгі орындарда Ресей (339 564), Қытай (320 029), Жапония (291 672) және Германия (281 468) тұр. 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында қайтыс болғандар саны бойынша да АҚШ көш бастап тұр – 8 187. Одан кейінгі қатарда Ұлыбритания (2 474), Жапония (1 898), Бразилия (1 587) және Қытай (1 472) бар.
ДДҰ-ға түскен ақпарат бойынша, пандемия басталғаннан 21 наурызға дейін әлемде 761 071 826 адам коронавирус жұқтырған және 6 879 677 адам қайтыс болған.
23 наурыз 2023 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031