Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Испания маска режимін қайтарды

Испания маска режимін қайтарды


Сурет: point.md

Испания 10 қаңтардан бастап тұмау мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты ауруханалардағы бетперде режиміне қайта оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

AFP агенттігінің хабарлауынша, жаңа ереже медицина қызметкерлері мен Испаниядағы ауруханаларға келушілерге қатысты.
«Алайда бұл талап жеке клиникаларға, дәріханалар мен стоматологтарға қолданылмайды. Олар бетперделерді өз қалауы бойынша кие алады», – деді Денсаулық сақтау министрі Моника Гарсиа.

Жаңа шаралардың екі аптаға созылатыны атап өтілді. Науқастар саны айтарлықтай төмендей бастағаннан кейін маска режимі жойылады.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният журналистердің қазақстандықтарды қайтадан бетперде киюге мәжбүрлей ме деген сауалына жауап берген болатын.
12 қаңтар 2024 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31