Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін - сарапшы

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін - сарапшы


Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы елордадағы энергетикалық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда британдық NNWI орталығының президенті Тим Йео айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ұйымның миссиясы атом энергиясы туралы, сондай-ақ климаттың өзгеруі тұрғысынан кеңінен мәлімет беруге бағытталған. 2022 жылға дейін біздің институт негізінен Еуропа елдеріндегі мәселелерді кеңінен қамтыған еді. Кейіннен Орталық Азия аймағына да ерекше назар аудару керек екенін түсіндік, - деді Тим Йео.

Сарапшының пайымынша, аталған салаға қатысты Орталық Азияда елеулі өзгерістер болуы мүмкін.

«Біз климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі энергетикалық саясаттың басты флагманы болады деп санаймыз. Бұл тұрғыда Орталық Азияның өзіндік ерекшеліктері бар, яғни осы өңірде алдағы бірнеше жылда тиісті өзгерістер болуы мүмкін», - деді Т. Йео.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.
17 мамыр 2023 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031