Солтүстік Корея туралы сіз естімеген қызықтар
КХДР Конституциясына сәйкес — аталған ел социалистік мемлекет болып есептеледі. Бірақ іс жүзінде мемлекет коммунизмнен де, капитализмнен де бірдей алшақ. Елдегі билік негізінен монархиялық жүйеге көбірек ұқсайды. Әрі ол мұрагерлікпен беріледі. Мәселен, қазір мемлекетті КХДР негізін қалаушы Ким Ир Сеннің немересі, бұрынғы президент Ким Чен Ирдің ұлы – Ким Чен Ын басқарады.
Алайда Кимдер ұрпақтан-ұрпаққа билік етіп қана қоймайды – олардың ең жақсысы демигодқа (елдегі құдайға) айналады. Сондықтан болар Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің өмірбаяндары шындықтан алыс таңғажайып оқиғаларға толы. Сонымен Ким Ир Сен «Екінші дүниежүзілік соғыс» кезінде барлық корейлер үшін қасиетті Пэктусан тауынан жапондарға қарсы әскери операцияларды жүргізген батыр, көшбасшы ретінде танылған. Солтүстік Корея үгіт-насихатының хабарлауынша, 10 жыл ішінде Ким Ир Сен жапон әскерлерімен 100 мың шайқасқа қатысқан, яғни ол күніне 28 рет соғысқан. Шын мәнінде, Солтүстік Кореяның батыры Ким Ир ол уақыттарда Хабаровскіде әскери іс пен марксизмді зерттеумен айналысқан.
Алайда Кимдер ұрпақтан-ұрпаққа билік етіп қана қоймайды – олардың ең жақсысы демигодқа (елдегі құдайға) айналады. Сондықтан болар Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің өмірбаяндары шындықтан алыс таңғажайып оқиғаларға толы. Сонымен Ким Ир Сен «Екінші дүниежүзілік соғыс» кезінде барлық корейлер үшін қасиетті Пэктусан тауынан жапондарға қарсы әскери операцияларды жүргізген батыр, көшбасшы ретінде танылған. Солтүстік Корея үгіт-насихатының хабарлауынша, 10 жыл ішінде Ким Ир Сен жапон әскерлерімен 100 мың шайқасқа қатысқан, яғни ол күніне 28 рет соғысқан. Шын мәнінде, Солтүстік Кореяның батыры Ким Ир ол уақыттарда Хабаровскіде әскери іс пен марксизмді зерттеумен айналысқан.
Ал қазіргі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ирдің дүниеге келуінің өзі үлкен аңғызға айналған. Өйткені аңыздарға сүйенсек ол Солтүстік Кореяның партизандар лагеріндегі Пэктусан тауында дүниеге келген. Әкесі сияқты Ким Чен Ир КХДР-ның өркендеуі үшін ұйқысыз және демалыссыз жұмыс істеп, күн сайын халықтың өмірін жақсартуға тер төккен көрінеді.
Әрине, мұнан кейін Солтүстік Корея халқы қос билеушінің еңбегін елеусіз қалдыра алмады. Екеуіне арнап ескерткіш тұрғызып, көптеген атақтар берді. Тіпті, Ким Ир Сенді тірісінде «Ұлы көшбасшы, ұлттың шуақ шашатын күні» деп атады. Өлгеннен кейін де оны мәңгілік көшбасшы деген атақ беріп, туған күнін ресми мереке ретінде, яғни «күн мерекесі» деп атап өтті. Көпшілік күткендей, қайтыс болғаннан кейін ұлы билеушілердің денелері бальзамдалып, ел астанасындағы кесенеге қойылды. Ал мемориал күн сарайы деп аталды.
Солтүстік корея халқы мұнымен тоқтап қалмай өздерінің жыл санауын да өзгерткен. Христиан халықтарында жыл санау Исустың туған күнімен басталса, мұнда Ким Ир Сенның туған жылымен, яғни 1912 жылмен басталады. Сол себепті, ол жақта қазір 2022 жыл емес 111 жыл болып есептеледі.
Елде әр бес жыл сайын жалғыз кандидаттың қатысуымен сайлау өткізіледі. КХДР-дағы барлық билік Кимге және олардың серіктестеріне тиесілі болса да, елде Жоғарғы Халықтық жиналыста біздегі парламентке ұқсас жүйе бар. Оның мүшелері (шамамен 700 адам) әр бес жыл сайын сайланады. Сайлаушыларда 2 ғана таңдау бар. Бірі кандидатқа дауыс беру болса, екіншісі қарсылық білдіру. Екінші жағдайда кандитттың фамилиясын сызып тастап, бюллетеньді бөлек жәшікке салады. Бұл арқылы сайлау аяқталған соң бүлікшіні табу еш қиындық тудырмайды. Мұндай сайлау ресми сипатқа ие болғанымен, солтүстік кореялықтар учаскелерге тұрақты түрде келеді.
Елде барлық артықшылықтар тегін, бірақ оларды пара арқылы ғана алуға болады
1990 жылдарға дейін КХДР‑да мемлекеттік бөлу жүйесі жұмыс істеді. Мемлекет барлық игіліктерді азаматтың мәртебесіне қарай таратты. Сондықтан Солтүстік Кореядағы Ақша ешқандай құндылыққа ие болмады, ал пара мағынасыз болды. Себебі екеуі де жаңа теледидар алуға немесе кезектен тыс пәтер алуға көмектеспеді. Тіпті шенеуніктер көлік сатып ала алмады, өйткені оларды тек жоғары басшылар мен әскери қызметкерлер ғана ала алды.
Бірақ КСРО ыдырағаннан кейін, ашаршылық салдарынан экономикалық толқулар орын алды. Өмір сүру үшін адамдар өздерінің жеке кәсіпорындарын құра бастады. Мысалы, таулардағы бақта көкөністерді жасырын түрде өсіру немесе киім тігу секілді кәсіптер ашылды.
Мемлекет елде болып жатқан өзгерістерді мойындамаса да, кейбір жеңілдіктер жасады. Сонымен, дүкендер тауарларды карточкаларға ғана емес, ақшаға да жібере бастады. Соғыс кезінде пәтер немесе автокөлік сатып алу мүмкін болды. Ақша мәнге ие болғаннан кейін, көлеңкелі экономика дамып, шенеуніктер пара арқылы пайда табуға болатынын түсінді.
2019 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы UN News-ке арнайы есеп шығарды. Онда КХДР-дағы сыбайлас жемқорлық медициналық көмек, баспана, жұмыс және тіпті тамақ алудың негізгі әдісі екендігі нақты айтылған. Сауалнамаға қатысқан босқындардың бірі Солтүстік Кореяда пара бермейтін және пара алмайтын адам аштықтан өлуі мүмкін дейді.
Солтүстікке келу бар да, кету жоқ
Солтүстік Кореяға турист ретінде келуге мүмкіндік бар. Рас, мұны істеу оңай емес: сізге виза, рұқсат алу керек және мақұлданған туристік агенттіктердің біріне ауқымды қаражат беру керек.
Солтүстік Кореяға турист ретінде келуге мүмкіндік бар. Рас, мұны істеу оңай емес: сізге виза, рұқсат алу керек және мақұлданған туристік агенттіктердің біріне ауқымды қаражат беру керек.
Бірақ, жергілікті адамдармен сөйлесу, кәдесый ретінде Ким Ир сенмен бірге банкнотты әкелу немесе, кем дегенде, рұқсат етілген маршруттан ауытқуға сізге мүлде жол берілмейді. Туристер әдетте астаналық Пхеньянға (оның ішінде Кымсусан сарайына) барады, сонымен қатар табиғи көрікті жерлер мен жағалауларды аралайды.
Қонақ үй бөлмесінен тыс барлық шетелдіктерді гид‑аудармашы алып жүреді – ол туристердің артық ештеңе көрмегеніне немесе жасамағанына көз жеткізеді. Сонымен біре, елде барлығына қолданылатын қатаң заңдар бар. Кіру және кету кезінде барлық заттар мен жабдықтар тексеріледі: Құдай сақтасын, сіз тыйым салынған нәрсені әкелуді немесе алып кетуді ойласаңыз ату жазасына немесе 15 жылға түрмеге жабылуыңыз ғажап емес.
Тәржімәлаған:
Рамазан Бектұрғанұлы
Рамазан Бектұрғанұлы