Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық каскадер Канадада киножүлдеге ие болды

Қазақстандық каскадер Канадада киножүлдеге ие болды

Nomad Stunts халықаралық тобының каскадері Әлия Ысқақова Канадада киномарапатқа ие болды. Бұл туралы ақпарат каскадерлер тобының Instagram парақшасында пайда болоды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Канаданың кино және телевизия академиясының UBCP/ACTRA AWARDS 2021 марапатын табыстау рәсімінде Әлия Ысқақова "Кунг-фу" сериалындағы каскадерлік жұмысы үшін үздік деп танылды. Ол жекпе-жек сәтін түсіруге қатысқан.

"Бұл - каскадер ретінде алғашқы марапатым. Бұл - менің ғана емес, осы номинацияны алуға атсалысқан, каскадерлік сахнада жұмыс істеген бүкіл команданың жеңісі. Соның ішінде трюктерді қоюшылар, төбелесті қоюшылар және орындаушылар. Шынымды айтсам, жеңеміз деп ойлаған жоқпын. Таңғалып тұрмын, қуаныштымын", - деді ол. 
Әлия Ысқақова сериалдағы басты залым кейіпкер Yvonne Chapman қимылын орындады.


https://stan.kz
24 қараша 2021 ж. 949 0