Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнді зерттейтін бірінші спутник жыл соңына дейін ұшырылады

Күнді зерттейтін бірінші спутник жыл соңына дейін ұшырылады

Қытай Күнді зерттейтін бірінші спутникті  осы жылы ұшырады. Бұл туралы Airshow China 2021 халықаралық аэроғарыш көрмесінде Шанхай ғарыштық ұшу технологиясы академиясы (SAST) мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спутниктің негізгі жүктемесі күн спектрометрі болады, ол Күннің H-альфа суреттерін жинайды және зерттеушілерге Күннің жарылуы кезінде өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді.
Спутник платформалық және пайдалы жүктеме бөлімдерінен тұрады, олар жоғары дәлдік пен жүктеме тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
SAST спутникті ұшыру Қытайға Күн туралы іргелі зерттеулерді жүргізуге, жоғары технологиялық салаларды көтеруге және халықаралық зерттеулерге үлес қосуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Еске салайық, 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжухай қаласында 13-ші Халықаралық Airshow China 2021 аэроғарыш көрмесі өтіп жатыр.
Биылғы жылы көрмеге азаматтық және әскери техниканың, аэроғарыштық және қорғаныс құралдарының мыңдаған үлгіcі мен 40 ел мен аймақтың 700 компанияның әскери өнімдері қойылған.
Airshow China ұйымдастыру комитеті 14-ші Халықаралық аэроғарыш көрмесі 2022 жылдың 8-13 қарашасында Чжухайда өтетінін хабарлады.

https://egemen.kz​​​
29 қыркүйек 2021 ж. 544 0