Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің ең ауқатты отбасылары кімдер?

Әлемнің ең ауқатты отбасылары кімдер?

Bloomberg агенттігі құрастырған әлемдегі ең ауқатты отбасылардың рейтингі жарияланды. Алғашқы орынды Walmart көтерме және бөлшек сауда желісінің қожайыны – Уолтон әулеті иеленді.

Агенттік таратқан дерек бойынша Уолтон әулетінің байлығы шамамен 238,2 млрд долларды құрайды. Walmart-тың негізін 1962 жылы Сэм Уолтон қалаған болатын. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша олардың дүкендер желісінің саны 10 мыңнан асады. Жыл сайын түсетін пайда сомасы 559 млрд долларға бағаланып отыр. Уолтон әулетіне компания акциясының 48%-ы тиесілі.
Екінші орында Марс әулеті иеленіпті. Mars кондитерлік және азық-түлік өнімдерін шығаратын компанияның иелерінің байлығы 142 млрд долларға тең.
Үшінші орынға америкалық Koch Industrues мұнай-химия корпорациясының иелері Кох әулеті табан тіреген. Олардың байлығы – 124,4 млрд доллар.
Төртінші орында Hermes француздық сән үйінің қожайыны болып табылатын Эрмэ әулеті иеленіпті. Олардың 111,6 млрд доллар ауқаты бар.
Бесінші орында Сауд Аравиясын билеп отырған әулет – Аль Сауд отбасы. Олардың байлығы 100 млрд долларға бағаланыпты.


https://baq.kz
20 қыркүйек 2021 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930