Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фарер аралдарының тұрғындары дельфин өлтіруден рекорд жаңартты

Фарер аралдарының тұрғындары дельфин өлтіруден рекорд жаңартты

Фарер аралдарында 1428 дельфин өлтірілді деп хабарлайды Daily Mail. Архипелагта бұрын-соңды мұндай көп мөлшерде дельфиндер өлтірілмеген. Әдетте арал тұрғындары жылына 1000-ға дейін ғана теңіз сүтқоректілерін өлтіреді. Ал 2020 жылы тек 35 дельфин өлтірілген болатын. Осы жолы балықшылар 1 428 дельфинді өлтіріп отыр. Олар найза мен пышақ алып, жыл сайын дельфинерді жаппай өлтіруді дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүр кезінде жағажай дельфиндердің қанынан қызыл түске боялады. Тұрғындар балықшыларды тамашалап, артынша өлтірілген дельфиндерді өзімен бірге алып кете алады. Ал жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер болса, дельфиндерді бұлайша жыл сайын өлтіріп отыру қатыгездіке екенін айтуда. Теңіз биологы Бьярни Миккельсен дельфиндерді өлтіру бойынша соңғы рекорд 1940 жылы тіркелгенін, ол кезде барлығы 1 200 дельфин өлтірілгенін еске салды.

https://kaz.nur.kz
15 қыркүйек 2021 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930