Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Зеландияда 140-тан астам дельфин қырылып қалды

Жаңа Зеландияда 140-тан астам дельфин қырылып қалды





Өткен сенбіде Жаңа Зеландиядағы Стьюарт аралының жағалауында 145-тен астам гринд-дельфин жағаға шығып, өліп қалған. Бұл туралы news.rambler.ru сайты хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, сенбі күні кешке екі үйір дельфин аралдың батыс бөлігіндегі Мейсон бұғазының жағалауына шығып қалған. Олардың жартысы өліп қалған. Қалғанын көміп тастады.
«Өкінішке қарай, суға қайта жіберуге болатын дельфиндер өте аз болды. Мұндай шешім қабылдау өте қиын», - дейді Леппенс.
Жаңа Зеландияда киттер мен дельфиндер жиі жағаға шығып, қырылып қалады. Ғалымдар әлемнің әр түкпірінен жиналған киттер мен дельфиндер неге басқа емес, дәл осы жағалауда өз-өздерін құрбан ететіні туралы нақты жауап таба алған жоқ. Жалпы дельфиндердің бірі жағаға қарай ұмтылса, қалған дельфиндер де оны құтқарам деп жағаға шығып, бірге өліп қалады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


09 желтоқсан 2018 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930