Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде жасы 60-тан асқандар вакцинаның үшінші дозасын ала бастады

Израильде жасы 60-тан асқандар вакцинаның үшінші дозасын ала бастады

Израильде жасы 60-тан асқан азаматтар вакцинаның үшінші дозасын ала бастады. Бұл әлем бойынша алғашқы көрсеткіш, деп хабарлайды Хабар 24. Бірінші күні екпе 40 мыңға жуық адамға салынған. Тағы 200 мыңнан астамы вакциналауға жазылған. Биліктің жоспары бойынша, осы санатқа жататын тұрғындар, тамыз айының аяғына дейін толық егілуі тиіс. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, сәуір айынан бері ковидтен ауыр дертке шалдыққандар саны алғаш рет 200 адамнан асты. Жалпы бүгінге дейін Израильде вакцинаның қос компонентін 5 миллионнан астам адам қабылдаған. – Өзімді тамаша сезініп тұрмын. Бұған дейін 2 дозаны алған кезде де бәрі жақсы болған. Тіпті бесінші рет вакцина қабылдау керек болса да, келісемін. Иммундау бізге көбірек құқық береді, бұны біздің міндетіміз десек те болады.

https://24.kz​​​
02 тамыз 2021 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930