Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды

Италияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды

Италия коронавирусқа қарсы күресте шектеулерді әлсіретуге ниетті емес. Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. COVID-19 таралуына қарсы жаңа шаралар туралы Жарлықты ел Үкіметі мақұлдады. Азаматтар үшін жабық үй-жайлардағы мейрамханалар мен барларға, мұражайлар мен кинозалдарға, спорт залдар мен бассейндерге, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бару үшін COVID-сертификаты енгізіледі. 
Worldometer мәліметтері бойынша Италияда анықталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жалпы саны 4 302 393 құрайды, COVID-19 құрбандарының саны 127 920-ға жетті.

https://baq.kz
21 шілде 2021 ж. 441 0