Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин талаптары. Әлемдік ахуал

Карантин талаптары. Әлемдік ахуал

BAQ.KZ. Швейцария карантин талаптарын жеңілдетті. Елде мейрамханалардың ішкі жайлары ашылып, аудиториялардағы студенттер саны бойынша шектеулер алынып тасталды.

Сондай-ақ, шектеулер енгізілген салалар үшін міндетті қашықтан жұмыс режимі жойылды. Алайда Берн билігі жұмыс берушілерге қызметкерлердің үйден жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді ұсынады. COVID-19-ға қарсы вакцинаны алған ел тұрғындары эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары елдерден оралғаннан кейін оқшаулануға міндетті болмайды.

Қытайдың оңтүстігінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың ішкі өршуі тіркелді. Гуандун провинциясында өткен тәулікте инфекцияны 20 адам жұқтырған. Ауруды жұқтырудың 18-і оқиғасы Гуанчжоу әкімшілік орталығында анықталған. Сонымен қатар, провинцияда коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық ағымының үш жағдайы анықталды.

Германияда КВИ таралу деңгейі төмендеуде. Инфекцияны жұқтырғандар көрсеткішінің күнделікті өсімі 1 978 жағдайды құрады. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда 704 жағдайға кем. Пандемия басталғаннан бері халқының саны 84 миллионды құрайтын Германияда аурудың жұқтырудың 3 681 126 оқиғасы анықталды. Індеттен 88 442 адам көз жұмды. Соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда, инфекцияны жұқтырудың 35,1 жағдайы тіркелді.

Бакуде метро қайта жұмыс істей бастады. Әзірбайжан билігі бүгіннен бастап елордадағы метрополитеннің жұмысын қайта жандандырды. Баку метросы коронавирустық инфекцияның қауіп төндіруіне байланысты жолаушыларды 2020 жылдың қазанынан бері қабылдаған жоқ. Карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, метро басқа да қоғамдық көліктер сияқты демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал, 10 маусымнан бастап елде мешіттер мен храмдар келушілер үшін есігін ашады.

Ресми Каир каранти талаптарын жеңілдетіде. Мысыр билігі дәмханалар, мейрамханалар, дүкендер мен сауда орталықтарының жұмысына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Ертеңнен бастап тамақтану орындары мен дүкендер жазғы жұмыс режиміне оралып, түнгі сағат 00:00 дейін жұмыс істей алады. Мысырлық үкімет шектеулерді жеңілдетумен қатар, Хургада мен Шарм-эш Шейх сияқты туристер арасында ең танымал екі курорттың барлық тұрғындарын вакцинациялауға ниетті екендігін хабарлады.
31 мамыр 2021 ж. 405 0