Германияда 60-қа жуық адам су тасқынынан қаза тапты
Елдің батысында жауған нөсер жауын осыншама жанның өмірін қиған. Бұған қоса ондаған адам іс-түзсіз жоғалды, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.
Арвайлер ауданында алты үй қирап, тағы бірнеше ғимарат құлауға жақын, деп хабарлады федералды полицияның ресми өкілі. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек, Рейн өзені мен оның тармақтарының бойында орналасқан көптеген қаланы су шайып кеткен. Тасқын судың құрсауында қалған халық құтқарушыларды үйлердің шатырында күтуге мәжбүр. Адамдарды апаттан аман алып қалу үшін тікұшақтар жұмылдырылды.
- Бұл аймақта мұндай апат ешқашан болған емес. Табиғаттың күшіне айтар сөзіміз жоқ. Жанымызға бататыны, апат адамдардың өмірін қиып жатыр. Қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Тағы қаншама тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен, - дейді Рейнланд-Пфальц аймағының басшысы Малу Драйер.
https://egemen.kz