Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ұйқысыздықтан арылтатын тәсілді айтты

Ғалымдар ұйқысыздықтан арылтатын тәсілді айтты

Ғалымдар ұйқысыздықпен күресудің ең тиімді екі тәсілін атады. Бұл туралы Eat This, Not That! Басылымына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru жазды.

Диетолог Лиза Московиц адамның толыққанды демалмауы өте қауіпті деп отыр. Оның айтуынша, ұйқысыздық немесе үнемі ұйқының қанбауы адамды шаршатып қана қоймай, қан қысымының жоғарылауы, психикалық ауытқушылықтар және иммунитеттің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Ұйқымен проблема туындаған жағдайда диетолог биологиялық белсенді қоспаларды пайдалануға кеңес береді. Ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмай дөңбекшитін жандарға шүйгіншөп түбірін қолданған тиімді көрінеді. Үнді женьшені аталып кеткен ашвагандха өсімдігі де ұйқының сапалы да терең болуына көмектеседі. Адаптогенге бай өсімдік сығындысының күйзеліске қарсы әсері мол.
Сондай-ақ жақсы ұйықтап, сергек тұру үшін жатар алдында ұялы телефонды қолданбаған абзал деп отыр мамандар.

https://baq.kz
08 шілде 2021 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031