Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp әлеуметтік желісінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp әлеуметтік желісінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінде бір есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда қолдануға мүмкіндік беретін функция іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әзірше бұл функция қосымшаның 2.21.14.1 нөміріндегі бета-нұсқасында ғана жұмыс істеп тұр.
Пайдаланушы құрылғыны WhatsApp аккаунтымен жалғағаннан кейін WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін басты гаждеттердің бірі желіде қалуы міндетті емес. Яғни басты ұялы телефонның өшіп қалуы басқа құрылғыдағы WhatsApp жұмысына кері әсер етпейді.
Атап өту керек, бір аккаунтқа тіркелген мұндай бес гаджетті пайдалануға болады.
Бірнеше құрылғыны бір уақытта пайдалану кезінде де қауіпсіздік WhatsApp алгоритмдері арқылы шифрланатыны атап өтілді.
Әзірге опция тек қосымшаның бета 2.21.14.1 нұсқасында және Android-та жұмыс істейді. Кейінірек бұл мүмкіндік жалпыға қол жетімді болады.

https://stan.kz
30 маусым 2021 ж. 355 0