Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Whatsapp мессенджерінде уақыт үнемдейтін жаңа функция пайда болды

Whatsapp мессенджерінде уақыт үнемдейтін жаңа функция пайда болды

Whatsapp мессенджерінде Instagram мен Facebook видеоларын көруге мүмкіндік беретін қосымша функция пайда болды, деп хабарлайды Hi-Tech жаңалықтары.

Енді қолданушыларға өзге қолданушы жіберген видеоны тамашалау үшін чаттан шығудың қажеті болмайды. Видео «сурет ішіндегі сурет» режимінде тікелей қосымшаның өзінде ойнатылады. Қолданушы видеоны көріп отырып, сол мезгілде достарына жібере алады.
Жаңа функция iOS және Android операциялық жүйесіндегі смартфон иелері үшін қолжетімді. Функцияны қолдану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеп алу керек. Бұл жаңарту Facebook-қа тиесілі түрлі сервистер арасындағы байланысты жеңілдетуге арналған.
Осыған ұқсас мүмкіндікті Whatsapp мессенджері You Tube видеолары үшін былтырғы жылдың қарашасында іске қосқан болатын.
Сонымен қатар мессенджердың соңғы нұсқасында топ әкімшісінің функциялары да кеңейтілген. Енді топты құрған әкімші топ мүшелерінен бекіткен әкімшінің басқару құқығын кері қайтара алады және топтың тақырыбын, суретін, топ сипаттамасын өзгертетін мүшелерді өздері таңдай алады. Бұл параметрлерді "топ баптаулары" бөлімінен табуға болады.
«Қамшы» сілтейді
25 шілде 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031