Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең көне қонақ үй қайда орналасқан

Әлемдегі ең көне қонақ үй қайда орналасқан

Нисияма Онсэн Кэйункан – әлемдегі ең көне қонақ үй. Жапонияда орналасқан ғимарат бүгінге дейін қонақтарды қабылдай алады. Қонақ үй – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан отбасылық кәсіптің шынайы мысалы. Ол 1313 жылы салынған және бір әулеттің 52-ші ұрпағы басқарып келеді. Қонақ үйдің бірталай дәуірлерден, оқиғалардан және тарихи толқулардан өткендігі таңғалдырады. Оның орналасқан жері де керемет, әйгілі Фудзи тауының маңында. Кез келген турист осындай таңғажайып жерді көргісі келгендіктен де, қонақ үй бүгінге дейн жұмыс істеп тұр. Бұл ғимараттың өзіндік ерекшелігі бар. Шексіз мөлшерде ыстық су әрдайым ағып тұрады. Оның қожайындары жақын маңдағы ыстық су бұлақтарының көзін ашқан. Қонақ үй иелері үшін кәсіптерінің тарихы аса маңызды. Кіре берістен императорлардың отбасы осында түнегенін дәлелдейтін тақтайшаларды көруге болады. Әлемдегі ең көне қонақ үйдің ішіне кіріп, оның 1313 жылдан бері қонақтарға қызмет етіп келе жатқанына сену қиын.  Сіз тозығы жеткен қабырғаларды немесе көнерген заттарды көрмейсіз. Ғимарат дәстүрлі жапон стилінде жасалған. Сондай-ақ бұл жерден теледидар мен wi-fi таратқышты іздеу бос әурешілік. Себебі мұнда сіз табиғатпен сырласуға келесіз.

https://24.kz​​​

10 маусым 2021 ж. 755 0